ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында университетімізде М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жаппай диктант ұйымдастырылып өткен болатын. Диктанттың мақсаты – жалпы сауаттылық деңгейін арттыру, Абайдың дүниетанымын кеңінен насихаттау және жастарды Абайдың рухани мұрасына баулу. Жаппай диктантқа 947 студент және 253 оқытушы, жалпы 1200 адам қатысты.

Жеңімпаздар грамоталармен, сондай-ақ, ҚР Ғалымдар одағының президенті, э.ғ.д., профессор Оразалы Сәбденнің қолтаңбасы қойылған «Абай және Қазақстанның болашағы» кітабымен марапатталды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Кітапханалық-ақпараттық» орталықтың директоры Гүлжан Жеңісбекқызы, «Ақпарат және медиакоммуникация» орталығының директоры Гүлмира Ержанқызы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Балмира Жүнісбекқызы, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Абдуллаевна, «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Күлзинат Мейрамбайқызы Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қазақ тілінен жазған диктанттың қорытындысы бойынша «Ұстаз» институтының оқытушысы Нұрбибі Нұрланқызы 1-орынды, 2-орынды Технологиялық факультеттің оқытушысы Балжан Даниярқызы, 3-орынды «Мұнай газ» факультетінің деканы Кенжеғали Қошқарбайұлы жеңіп алды. Орыс тілінен жазған диктанттың қорытындысы бойынша 1-орынды Технологиялық факультеттің оқытушысы Гүлнар Спанбаевна, 2-орынды «Экономика және құқық» факультетінің оқытушысы Ольга Дмитриевна, 3-орынды «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Сауле Достаевна иеленді.

 Қазақ тілінен жазған диктанттың қорытындысы бойынша студенттер арасында 1-орынды «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының 2-курс студенті Ақниет Ерболқызы, 2-орынды «Ұстаз» институтының 2-курс студенті Гүлзат Берікқызы, 3-орынды Технологиялық факультеттің студенті Жайна Усенгалиевна иеленді. Орыс тілінен жазылған диктант нәтижесінде 1-орынды Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2-курс студенті Аяулым Болатқызы, 2-орынды «Мұнай, газ және механика» факультетінің 2-курс студенті Дәулет Жанатбекұлы, 3-орынды «Экономика және құқық» факультетінің 2-курс студенті Алена Николаевна жеңіске жетті.

Медиа-қызмет
Прочитано 1322 раз
Top