ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі жарлығы бойынша «Экономика және құқық» факультеті Қаржы мамандығының 2-курс студенті Абылай Абайұлы «Халық алғыс» мерекелік медалімен марапатталды.

Абылайдың халық үшін істеген еңбегі еленді деп айта аламыз, себебі студентіміз карантин басталған сәттен белсенді жастардың басын қосып, «Біз біргеміз» акциясы аясында жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созып, азық-түлік жеткізіп, шаруаларына көмектесіп тұрды. Абылай қашанда елге жанашыр бола білді, айтар болсақ Түркістан облысы   Сардоба су қоймасы жарылып, Мақтаралды су алғанда Жамбыл облысы «Нұр Отан» филиалы атынан арнайы барып, Әулие ата өңірінің көмегін жеткізіп келген топтың ішінде болды.

Абылай «Жас отанда» жұмыс істейді. Қазақстан валонтерлар ұйымының мүшесі. «Болашақта өз мамандығым бойынша елім үшін адал жұмыс істегім келеді, бүгінгі таңда істеп жатқан жұмысым, менің болашағыма даңғыл жол ашады деп ойлаймын, маған үлкен мүмкіндік сыйлаған университетке, жастардың басын қосқан «Нұр Отанға» алғыс білдірем», - дейді Абылай.

Медиа-қызмет

Прочитано 1432 раз
Top