СУ МАМАНДАРЫН ОҚЫТУДА

М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Су шарушылығы» бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті.

Жиынға Республикалық ЖОО мен ЮНЕСКО бойынша ОА-ғы ҚНУ«Су шаруашылығы» бағыты бойынша жетекші кафедралардың профессор-оқытушы құрамы, «Қазақстанның су шаруашылығы қауымдастығының», Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, «Есіл су» филиалдарының су бағытындағы жетекші мамандары қатысты.

Аталмыш жиынды университеттің ректоры п.ғ.д., профессор Махметғали Нұрғалиұлы Кеңес жұмысына қатысушыларына күн тәртібін таныстырды.

Академиялық саясат жөніндегі департамент директоры Алдаберген Малибеков «Су шаруашылығы» бағытындағы ҚР НСК негізгі құрылу жүйелерінің атап өтіп, университеттің «Жол картасы» бойынша 2019-2020 жылдарына арналған ББ енгізу жоспары қарастырылып, НСК жүйесіндегі білім беру жүйесінің бағдарламасымен және әдіс намасымен таныстырып өтті.

Жалпы академиялық мобилділік бойынша  КАСКАД, ЭРАЗМУС жобалары жұмыс істеуде.

КАСКАД жобасында: Орта Азия және Оңтүстік Кавказ мемлекеттерінен 16 ЖООқатысуда (Қазқхстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Тажікстан, Армения, Әзербайжан) 2020ж. Экономикалық бағыт бойынша 15 пән бойынша он-лайн сабақтар циклі өткізілуде.

Ал, Эразмус бағдарламасы Кәсіпкерлік және инновацияны дамыту, Жасыл экономиканы дамыту, Ақпараттық технологиялар менкибер қауіпсіздікті дамыту бағыттарында жұмыс жүргізілуде. Еуропа мемлекеттері: Германия, Швеция, Испания, Франция, Италия, Финляндия, Ирландия.

Баяндамашы Сапар Жолдасов «Су ресурстары» кафедрасында «Су шаруашылығы» бағыты бойынша негізгі тәжірибелік-зертханалық сабақтар пәндерді атап өтті. Сонымен қатар, магистрлық және докторлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында лабораториялық зерттеулер жүргізуге барлық мумкіндіктері бар екендігі айтылды.

Орта Азия және Ауғаныстан мемлекеттері арасында (CAKN) платформасымен су ресурстарын басқару,жетекші және жас ғалымдармен, жетекші маман-практиктар білім алмасуда. Жұмыстың мақсаты оқу бағдарламаларын әрқашан жетілдіру және болашақта өзара дипломдарды мойындау, студенттердің ұтқырлығын арттыру, Орта Азия аймағында еңбек нарығындағы ұтқырлығын арттыру қарастырылған- деді. Сағит Ибатуллин Гидротехникалық құрылымдардың қауіпсіздігі бойынша халықаралық оқу орталығының директоры,

Медиа-қызмет

 

Прочитано 1350 раз
Top