РОБОТОТЕХНИКА – ЖАҢА МҮМКІНДІК АЛАҢЫ

«Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен робототехника бойынша II облыстық байқау қорытындыланды.

Байқаудың мақсаты - ҚР орта және жоғары білім беру жүйесіне робототехника мен мехатроника жетістіктерін ілгерілету. Машиналар мен механизмдердің қозғалысын бағдарламалық және аппараттық басқару мәселелерімен айналысатын мехатрониканың перспективаларын ашу.

Аталмыш байқау қарашаның 1-30 аралығында өткен болатын. Озық технологиялардың зор мүмкіндігін көрсететін бұл байқауды «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасы мен "КазРоботикс" Қазақстандық спорттық және білім беру робототехника федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

Марапаттау салтанатына университет ректоры, п.ғ.д., профессор Махметғали Нұрғалиұлы, арнаулы орта және жоғары оқу орындарын оқушылары мен студенттері қатысты.

Аталмыш жиынды университет ректоры ашып, жеңімпаздарды құттықтады.

Айта кетейік, робототехникадан өткен байқауға Тараз қаласы мен облыстың орта, арнаулы орта және жоғары оқу орындарынан 60-тан астам оқушылар мен студенттер қатысып, өз мүмкіндіктерін сынады.

Университетіміздің «Мехатроника» мамандығының студенттері Дмитрий Лим, Ермахан Кемалов, Бакир Жабаев I орынды қанжығасына байлады. Ғани Мұратбаев атындағы гимназия оқушылары Сабри Таиров, Даниял Темірханов II орынды иеленді. Университетіміздің «Мехатроника» ББ студенті Ансар Нұрымбет, №24 гимназия оқушысы Андрей Цыганаш, "Техникалық шығармашылық орталығының" оқушылары Александр Курилов, Дмитрий Торопов III орынға ие болды.

Байқауда "Мехатроника" білім беру бағдарламасының студенттері Лим Дмитрий, Кемалов Ермаханның "Үй-жайдағы жасырын электр сымдарын іздеу және диагностикалау үшін манипуляторы бар мобильді робот тұжырымдамасын әзірлеу" тақырыбындағы жобаларын атап өту керек. Әділ қазы алқасы мүшелері бұл жұмысты жоғары бағалады.

Тараз әкімдігі білім басқармасының техникалық шығармашылық орталығының оқушылары Arduino платформасында байқауда үздік өнер көрсетіп, "Биатлон","Эстафета"номинацияларында жүлделі орындарға ие болды. Ал №46 орта мектеп оқушылары ауа райы болжамын көрсететін "Ақылды метеоролог" жобасын ұсынды, Байзақ ауданының Бұрыл жалпы білім беру мектебінің оқушылары "Өндірістегі қауіпсіздік жүйесі" жобасымен ерекшеленді.

Жеңімпаздар дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапаталды.

DSC жарсDSC 0000

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Медиа-қызмет

Прочитано 1433 раз
Top