ЖАППАЙ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай «Абай жолы» роман эпопеясы бойынша университет оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері жаппай диктант жазды.

Онлайн форматта өткен бұл шара төрт Zoom платформасында ұйымдастырылды. Жұмыстарды арнайы «Қазақ тілі және орыс тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс филология», «Филология және журналистика» кафедраларының оқытушыларынан құрылған комиссия мүшелері тексерді.

«Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жаппай диктант жазу байқауының ашылуында онлайн байланыс арқылы ҚР Ғалымдар одағының президенті, э.ғ.д., профессор Оразалы Сәбден сөз сөйледі. Өз сөзінде Абай ілімінің өзектілігін қозғады. Толық адам ілімін меңгеріп, әр жан толық адам болуға ұмтылу керектігін айтты. Яғни, дүниенің көрінетін сыры мен көрінбейтін сырын (материалдық құндылық пен рухани құндылықты) үйлестіре отырып мұратқа жету керегін жеткізді. Әлемге белгілі ғұлама ғалымдар Лао Цзы мен Конфуций ілімдері қалай насихатталса, Абай ілімі де сол дәрежеде насихатталуы керегін тілге тиек етті.  

Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттап, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың қазақ ағартушысының шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жаппай диктант жазудың қорытындысы бойынша жалпы 1200 диктант жазылған. Ең сауатты жазылған жұмыстар бағалы сыйлықтармен, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

DSC 999

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медиа-қызмет

 

Прочитано 1520 раз
Top