ЖЕҢІМПАЗ ЖАСТАР

Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Ізгіліктің жаршысы –Жастар!» тақырыбында жастар арасында республикалық онлайн пікірсайыс турнирі өтті.

Іс-шараның мақсаты пандемия кезінде жастардың уақытын тиімді пайдалану. Сонымен қатар, ұлы ойшыл Абай және қазақ вальсінің корольі Шәмші Қалдаяқовтың бай мұрасын жастар арасында насихаттау.

Кіл жүйріктен шын жүйрікті анықтайтын жарысқа республикамыздан 12 команда қатысты.

Нәтижесінде Барлығына шүкір фракциясымен Түркістан облысы 1- орынды иеленсе, 2- орынды ЕОА фракциясымен Жамбыл облысымыздың қанжығасына бұйырды. Рухты Алаш фракциясымен Түркістан облысы 3- орынға ие болды.

Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тарту етілді.

                                                         Медиа-қызмет

Прочитано 1107 раз
Top