Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Тіл білу- заман талабы ма әлде жоқ па?» атты облыстық дебат турнирі өтті.
Іс-шараның мақсаты ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және бәсекеге қабілетті жастарды қолдау мен көп тілді меңгерген жастарға көмек көрсету.
Сөз жарысына облыстан 16 спикер қатысты.
Нәтижесінде университетіміздің белсенді студенттері Бекзат Жұмашов 1-орынды иеленсе, Төлебай Рахымжан 2-орынды қанжығамызға байлады. Жамбыл жоғары политехикалық колледжінің пікір сайысшыларына 3-орын бұйырды.
Барлық жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тарту етілді.
Медиа-қызмет