ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2020 жылы 4 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «League of Chemists» атты республикалық интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Мақсаты – студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ойынға ҚР жоғары оқу орындарынан 11 команда қатысты. Солардың бірі – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының «Эффект» командасы. Команда құрамы «6В05314-Химия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері – Бейбіт Балжан, Саткожаева Эльмира, Турсынханова Анел, Жанасова Гулбану, Мирзабекова Мираш. Жетекшісі «Дулати университеті» КЕ АҚ «Химия және химиялық технология» кафедрасының доцент м.а., PhD доктор Дарменбаева Ақмарал Сабетбекқызы.

Ойын LearningApps, Edpuzzle, quizizz.com сияқты онлайн-сервистердің көмегімен ZOOM платформасында өтті. Ойын бағдарламасы 6 турдан тұрды, оның ішінде, командалардың видео-таныстырылымы, видео-сұрақ, 4 сурет 1 фото сияқты ойындар болды. Ойын нәтижесінде «Эффект» командасы жүлделі 3-орынды иеленді.

Команда қатысушыларын құттықтаймыз! Оқуларыңызға сәттілік тілейміз. Әр күндеріңіз білім мен жарқын естеліктерге толы болсын!

Г.Б.Мадимарова

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының оқытушысы, магистр

Прочитано 1269 раз
Top