ЕСЕП БЕРУ- САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Тараз өңірлік университетінде бастауыш кәсіподақ ұйымының ІІ сайлау конференциясы өтті.

Жиынға университет ректоры п.ғ.д., профессор Махметғали Нұрғалиұлы, Жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары Берік Әбенұлы, университет проректорлары мен декандар, институт директорлары қатысты.

Бір мекемеде екі кәсіподақ ұйымы болмайтынын ескере отырып, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының   филиалы тоқтатылды. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы деп өзгертілді, - деді Берік Әбенұлы.

Сондай ақ кәсіподақ жетекшілері 2018-2020 жылдарда атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Баяндамашылар университет деңгейіндегі маңызды мәселелерді атап өтті.

Тексеру  қорытындысы бойынша бір ауыздан Берік Хұсайынов бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметіне сайланды.

Университет ректоры п.ғ.д., профессор Махметғали Сарыбеков пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Берік Хұсайынов ұжымдық келісім шартқа қол қойды.

Конференция соңында   кәсіподақ ұйымының  белсенді қоғамдық жұмысы үшін төс белгі және алғыс хатпен марапатталды.

 Медиа-қызмет

Прочитано 1367 раз
Top