ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫСТАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Парасат майданы интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен   қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі маңыздылығын ескере отырып «Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас»   атты облыстық ТойГрамм пікірсайыс турнирі өтті. Турнир Қаратау қаласында болды. Сөз жарысына облыстан 40 спикер, 20 фракция қатысты.

Нәтижесінде университетіміздің белсенді студенттері Бектас Саурамбаев пен Айгерім Абылай I орынды иеленді. Ал, II орынды Болат Байтуреев пен Ерзат Құсбек қанжығаларына байлады. Рауан Кеңес пен Нұрсұлтан Тоқтағановқа III орын бұйырды.

«Үздік спикер» номинациясымен университетіміздің белсенді студенті Алима Қалисаева марапатталды.

Барлық жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Медиа-қызмет

Прочитано 1089 раз
Top