ЖҰЛДЫЗДЫ 100 ТҮЛЕК

Ұстаз институтында «Ұстаз- ұлы есім» атты он күндігіне орай «Музыка және хореография» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды 100 түлек» жобасы аясында Алматы қаласы Жамбыл атындағы филармония әншісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері ҚР Мәдениет саласының үздігі түлегі Дана Маханбаевамен онлайн кездесу өтті.

Жиының негізгі мақсаты өз ісінің шебері атанып, туған университетінің дәрежесін көтеріп жүрген барша түлектермен байланыс орнату, жетістіктерін дәріптеу.

Кездесуге «Музыка және хореография» кафедрасының профессор-оқытушылары құрамы мен студенттер, қала мектептерінің музыка мұғалімдері қатысты. «Музыка және хореография» кафедрасының меңгерушісі Перизат Абдикеримова «Жұлдызды100 түлек» жобасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының 30 жылдығы айтулы мерекесіне орай жүзеге асырылатынын айтып, аталған жобаның мақсаты, міндеттерімен таныстырды.

Іс шара «Дананың студенттік өмірі» виртуалды саяхатпен басталды. Дана Маханбаева бұл тосын сыйға таң қалып, студенттік жылдарын, ұстаздарын сағынғанын айтып, «Бейнежазбаларды көріп, көзіме жас алдым, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерім ұстаздарымның арқасында»,- деп ағынан жарылып, ұстаздарға бас иіп, алғысын білдіріп. Әнші жетістікке жетудің сыры- талмай еңбектенуде екенін айтып, бүгінгі жастарды көп еңбектенуге шақырды.

Алдағы уақытта жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар жалғасын табатынын қуанышпен айтқымыз келеді.

Перизат Абдикеримова

«Музыка және хореография» кафедрасының меңгерушісі

Прочитано 1191 раз
Top