ОНЛАЙН ФЕСТИВАЛЬ

Ұстаз интитутында «Рухани-жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Маусымжан» атты республикалық онлайн фестиваль- би байқауы өз мәресіне жетті.

Байқауды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Музыка және хореография» кафедрасының профессоры Кулмаржанов Алмат Мушелбаевич, Алматы қаласының жоғары санатты педагог-хореограф, қоюшы режиссер, халықаралық байқаулар қазылар алқасының өкілі Петрова Наталья және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Музыка және хореография» кафедрасының доценті, «Юнеско» халықаралық би кеңесінің мүшесі, Чехия constellation of PRAGUE халықаралық қазылар алқасының мүшесі, Ольга Николаевна төрелік етті.

Ұлттық салт-дәстүрді сақтау және дамыту мақсатында өткен байқауда қатысушылар:Алматы қаласынан Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті,  Шымкент қаласынан «Армандастар» үлгілі би ансамблі, Алматы қаласы «Реверанс» үлгілі би ансамблі, Жамбыл облысының «Бозторғай» үлгілі ән-би ансамблі, «Жас дәурен» үлгілі балалар хореографиялық ансамблі және де облысымыздың түкпір-түкбірінен өнерпаздар өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетіп, заманның қиын қыстау кезінде де өнер саласындағы үздік майталмандары екендерін тағы да дәлелдеп көрсеткендей болды.

Гайша Алдабергеновна

«Музыка және хореография» кафедрасының аға оқытушысы

Прочитано 1355 раз
Top