ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ

Ұстаз институтының ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Елбасы жолы» атты деректі фильмі институттың профессор оқытушылары мен студенттеріне онлайн және офлайн форматта көрсетілді.

Жиында Ұстаз институтының директоры Орынқыз Көпбосынқызы алғы сөзінде мемлекетіміздің мерейі, ұлтымыздың мұраты, көпұлтты Қазақстан халқының бақыты жолындағы сындарлы кезеңдерде әр дәйім ұлы міндет пен ұшан парыз арқалаған ардақты Елбасымыздың қайраткерлігі мен еңбек жолы туралы баяндады.

Іс шараның негізгі мақсаты Елбасының өмір жолын насихаттау барысында студенттердің бойында патриоттық, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.

Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланған тұста депутаттардың бастамасы бойынша белгіленген бұл мерекенің қазіргі заманғы Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан халқы өзінің Мемлекет басшысын сайлауға деген егемен құқығын алғаш рет іске асырды.

Медиа-қызмет

Прочитано 1525 раз
Top