ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Ұстаз институтында  «Тарих, құқық және кәсіпкерлік» кафедрасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы және тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Жиында баяндамашылар бүгінгі күні Елбасы мен тәуелсіздік ұғымдары егіз ұғымға айналғанын тілге тиек етіп, 30 жылға аяқ басқан тәуелсіздік кезеңіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени саладағы дамуына және тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи тұлғасы мен феномені туралы құнды тұжырымдары мен пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, конференция жұмысына кафедра оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысып, ғалымдардың айтқан құнды ой-тұжырымдарымен танысты.

Іс-шара соңында конференция модераторы баяндамашылар мен конференцияға қатысушыларға алғыс айтып, келешекте де осындай игі шаралар жалғасын тауып отырады деген ниетін білдіре отырып сертификаттар табыс етті.

Медиа-қызмет

Прочитано 1335 раз
Top