ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

27 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлттар достығы» атты онлайн форматта концерт өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында ұлттар достығын нығайту, шет елден келген студенттерімізге қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс жасауды қолға алу. Жас Отан жастар қанаты ұйымының қолдауымен болған концерттік бағдарламаны университетіміздің магистранты Бахар Ёлдашова ұйымдастырса, Ыхлас Генжаев, Айпара Оразова, Айбөлек Халназарова, Говхер Хаджыева сынды студенттер өз өнерлерін ортаға салды.

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ұлтанбаев Арнат сөз сөйлеп, білім мен өнерді қатар алып жүрген студенттерімізге университетіміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып, жастар саясатын іске асыруда қосқан нақты үлесі үшін алғыс хат табыс етті.

Медиа-қызмет

Прочитано 1209 раз
Top