ПІКІРСАЙЫСШЫЛАР ТУРНИРІ ӨТТІ

"Еркін ойлар алаңы"интеллектуалды пікірсайыс клубы 2010 жылы құрылған. Клубқа биыл 10 жыл. Осы уақытқа дейін пікірсайысшылар университетіміздің ғана емес, облысымыздың атын шығарып республикалық, облыстық пікірсайыс турнирлерінде топ жарып, жүлделі орындармен топ бастаған.

Қазіргі кезде клубтағы пікірсайысшылар саны көбейіп, біршама жетістіктерге жетуде. Осыған орай жуырда "Еркін ойлар алаңы" интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен,

Тұңғыш Президент күніне орай "Жастар-елдің тірегі" атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге облысымыздың 40 спикері 20 фракция қатысып, тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Турнир нәтижесінде топ ішінен оза шығып 1-орынды Алдияр Органов пен Нұрсұлтан Тоқтағанов (Жамбыл гуманитарлық колледжі) иеленсе, 2-орын Нұрдәулет Серікұлы мен Диас Қайнарға (Жамбыл жоғары медициналық колледжі) бұйырды. 3-орынды Азамат Тоқберген мен Нұрдәулет Тілеумұратов (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі) қанжығаларына байлады. 40 спикердің ішінен үздік болып

"Үздік спикер" номинациясымен Болат Байтуреев марапатталды.

Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Альфия Сарыбаева, "Еркін ойлар алаңы" ИПК-нің жас буыны,

2 курс студенті

Прочитано 1266 раз
Top