БАТЫРЛАР ЕРЛІГІ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАҢҒЫРЫҒЫ

 Ұстаз институтында  «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Батырлар ерлігі – тәуелсіздік жаңғырығы» атты онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш жиынға Білім басқармасы ғылыми дене шынықтыру орталығының БӘД ғылыми қызметкері Ізбасар Мұртазаұлы және мектептен тыс іс-шара өткізетін облыстық орталықтан әскери бағытпен оқитын мектеп оқушылары қатысты.

Іс шараның мақсаты   батыр ата-апаларымыздың ерлік істерін, айтқан нақыл сөздерін өскелең жас ұрпаққа мирас ету,осылар арқылы оларды отансүйгіштікке, қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу, тілімізге, батырлық салт-дәстүрлерімізге құрмет қалыптастыру және оны дәріптеуді жалғастыру.

Жиын барысында «Б.Момышұлының әскери мұралары»,«Тәуелсіздік туын желбіреткен батырлар ерлігі» тақырыбында баяндамаларын оқыды.

Шараның соңы қазақтың қара домбырасының үнімен шырқалған ән-күймен қорытыланды. Оқушылар мен студенттер өздеріне көптеген мағлұматтар алып, айрықша әсермен тарқасты.

Досым Сейтжанов

«Бастапқы әскери дайындық» кафедра меңгерушісі

Top