ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОНЛАЙН САБАҚ

Ұстаз институтында «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұны – тұтас педагогикалық үдерістің компоненті: білім мазмұнына қойылатын жаңаша талаптар» атты Республикалық онлайн- интеграцияланған сабақ өтті.

Аталмыш жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтері, танымал ғалымдары және Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейдің жаңашыл ұстаздары қатысты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің дуалды оқыту базасы Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейдің жаңашыл ұстаздары инновациялық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Физика пәнінің мұғалімі, жоғары санатты педагог Ақмарал Жумушова болашақ педагогтерді жаңартылған білім беру мазмұнын   айқындайтын   оқытудың жаңаша әдіс -тәсілдерімен таныстырса, Информатика пәнінің мұғалімі, Нурлан Бекшеев болашақ педагогтерді OnlineTestPad цифрлық платформасында қашықтықтан оқытудың ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктерін ашып көрсетті.

Сонымен қатар  болашақ педагогтерге бейнекөріністер көрсетіліп, « Егер Мен - ... болсам, онда ...» болашаққа бағдар айдарында инновациялық жобаларының тұсаукесерін жасады.

Жиын соныңда «Айтарым бар» ашық микрофон бөлімінде болашақ педагогтар   жаңашыл мұғалімдерге сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

білі x

Клара БУЗАУБАКОВА

«Білім берудегі менеджмент» кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор        

 

 

 

Прочитано 1346 раз
Top