Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін «ADAL BILIM» жобалық кеңсесі технологиялық мүмкіндіктерді - студенттерге қызмет көрсету жүйесін электронды форматқа ауыстыруды ұсынды.
«ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің алаңында өткен тікелей эфирде университет студенттеріне қызмет көрсету сапасы мен цифрландыру жүйесін талқылады.
Модераторы М. С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан болды. Қатысушылар - ЖОО өкілдері.
Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ғалымжан Құдайбергенов SMART KAZGUU мобильді қосымшасын ұсынды. Спикер студенттерге арналған цифрландырудың осы университетте өткен барлық кезеңдері туралы айтты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың сандық экожүйесін басқарма төрағасының м.а. ректоры Тахир Балықбаев таныстырды. М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Махметғали Сарыбеков, Тіркеу офисінің директоры Наталья Чернявская университеттің цифрлануы, студенттерге арналған «DEMEÝ» бірыңғай қызмет көрсету орталығы туралы айтты.
Бұл орталықтың жұмысы туралы студенттерді ақпараттандыру мәселесі веб-сайтқа, виртуалды кеңсеге егжей-тегжейлі нұсқаулық орналастыру арқылы шешілгені атап өтілді.
Іс-шараға қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
Медиа-қызмет