Бүгін - Халықаралық студенттер күні

17 қараша - халықаралық   студенттер күнімен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірілік университетінің білімгерлерін құттықтаймыз!

Студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние. Мектеп бітіріп, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға ғана емес, өмірдің ақ пен қарасын ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекция тыңдап отырған уақыт, жоғары оқу орны қабырғасындағы бірінші бақылау емтихандары, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан сауыққа толы кештер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады.Мұндай қызықты шақты бастан өткеру - үлкен бақыт.
 
Бүгінде бұл күнді әлемнің көптеген елдері тойлайды. Жастардың мерекесі болғандықтан, бұл күн студенттер қауымына өте танымал. Ендеше, қызықты өмір қаһармандары, мереке құтты болсын! Әр күндеріңіз білім мен жарқын естеліктерге толы болсын! Болашақта еліміздің тұтқасын ұстар адуынды азамат атануларыңызға шын жүректен тілектеспіз!
Медиа-қызмет
Прочитано 1445 раз
Top