СУДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ

 UNICEN "Advancing Institutional Capacity for sustainable Groundwater in Central Asia with emphasis on Karakalpakstan, a former Aral Sea Region in Uzbekistan" ("Өзбекстандағы бұрынғы Арал теңізінің аймағымен Қарақалпақстанға, Орталық Азиядағы жерасты суларының тұрақты дамуы үшін институционалдық әлеуетті арттыру") желісі бойынша жоба қатысушыларының кезекті онлайн  кездесуі өтті.

 Кездесуге жоба жетекшісі Дэниел Сноу және Небраска университетінің (Небраска, АҚШ) әріптестері, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының  (Ташкент, Өзбекстан), Қарақалпақ мемлекеттік университетінің (Нукус, Өзбекстан), Назарбаев Университетінің (Нұр-сұлтан, Қазақстан) , сондай-ақ Тараз өңірлік университетінің өкілдері қатысты. М. Х. Дулати жоба жетекшісі Қойбақов С.М., Сағынтаев Ж., жоба үйлестірушісі Рахимова Ю. С., аудармашы Ибрагимов М. Ф.

Жобаның мақсаттары (2020 жылғы шілде - 2021 жылғы маусым): қалпына келтіру әлеуеті бар ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау; су ресурстарын басқаруға, су сапасын мониторингтеуге және қайта пайдалануға арналған инновациялық модельдер мен құралдарды, сондай-ақ суармалы егіншілік жағдайларында қашықтықтан зондтаудың және Жерді пайдаланудың жаңа әдістерін зерделеу; бірнеше оқу орындарында оқу бағдарламаларын әзірлеу арқылы жаңа білім алу; ғылыми алмасулар белгілеу болып табылады.

Кездесу барысында бірқатар мәселелер қарастырылды, олардың ішінде халықаралық қонақтарды шақыра отырып, келесі семинар-конференцияларда пікір алмасу және іс-шаралар жоспары бар. Келесі кездесу 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

2 1

"ШЕТ ТІЛДЕРІ" КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ,  Ю.С. РАХИМОВА

Прочитано 1290 раз
Top