ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

Байланыс нөмірлері: 8 (7262) 43-26-42, 51-87-51

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көш. 60, Технологиялық кешен, 2.4-205

Факультет жайлы

Қашықтықтан білім беру факультеті Тараз өңірлік университетінің сырттай оқытатын екі факультеті: сырттай инженерлі–экономикалық және сырттай гуманитарлық факультеттерінің негізінде 2008 – 2009 оқу жылында құрылды.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі Қашықтықтан білім беру факультетінің тарихы, Өңірлік университетке біріктірілген ЖОО-ғы (Жамбыл гидро-мелиоративтік құрылыс институты, Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институты және Жамбыл педагогикалық университеті) сырттай оқыту факультеттерінің тарихымен тығыз байланысты.

Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының өндірісінен үздіксіз мамандар даярлау кешкі және сырттай оқыту түрімен байланысты және бұл алғашқы есеп бойынша 1958 жылы құрылған. 1958 жылы Қазақ химия технологиялық институтының Жамбыл филиалы алғашқы білімгерлерін қабылдады, филиал басшысы болып Х.С. Сеитов тағайындалды. 1961 – 1962 оқу жылында филиал аясында кешкі сырттай оқыту факультеті ашылды, факультеттің алғашқы декандары: С. Айтжанов, Б.Г. Инкаров, К.А. Альманбетов, А.А. Адилов. Ары қарай Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтындағы сырттай оқытуды ҚР ҰҒА қазіргі академигі У.К. Мадиев, доцент Д.Д. Нурпеисов, Х.Л. Кешаниди, С.С. Қожабеков,т.ғ.д., профессор М.С. Сахиев және басқалар басқарды.

Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, 1962 жылдың мамыр айында ҚазССР үкіметінің шешімімен Алматы қаласының Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультетін Жамбыл қаласына ауыстыру нәтижесінде құрылған. 1962 – 1965 жылдар аралығында тек «Гидромелиорация» мамандығына өндіріспен ұштастырылатын мамандар дайындалды. Кейінгі жылдары (1965 – 1985 ж.ж.) ЖГМҚИ-нің лабораториялық базасын құрал–жабдықтарының қамтамасыз етілуі мен дамуына байланысты: «Мелиоративті жұмыстың механизмі», «Гидротехникалық құрылыс», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Сумен қамтамасыз ету және канализация», «Су және ауыл шаруашылығының экономикасы», «Гидромелиоративті жүйенің құрылысы», «Гидромелиоративті жүйенің эксплуатациясы», «Ауыл шаруашылығын сумен қамту және жер астын суландыру», «Ауыл шаруашылық құрылысы» және т.б. жаңа мамандықтар ашылды.

80–90 жылдары халық шаруашылығына ауыл, су шаруашылықтарының және құрылыстың жоғары білікті мамандары қажеттілігінен бірқатар жаңа мамандықтар ашылды: «АПК-ғы экономика мен ұйымдастыру», «Автомобильдер мен автомобиль шаруашылығы», «Автомобиль жолдар құрылысы», «Электр механикасы», «Электрмен қамту» және т.б.

Факультетте жоғары білікті оқытушылар қызмет атқарғанын айта кеткен жөн. Олар: академиктер – Жулаев Р.М., Сүлейменов Ж.Т., профессорлар – Горюнов С.Н., Серікбаев Б.С., Абдураманов А.А., доценттер Ким С.С., Даримбетов У.Д., Долженко Б.Ф., Қалдаров М.К., Ибраев Д.М., Ақжанов А.А., Өтегалиев Т.Т. және басқалар. ЖГМҚИ-ның сырттай оқу бөлімінің бірінші деканы т.ғ.к., доцент Баймұхамбетов М.В. болды, кейінгі жылдары факультетті П.У. Ундашев, т.ғ.к., доцент К.Е. Ермұханов, қазіргі ҚР ҰҒА академигі Ж.Т. Сүлейменов, т.ғ.д., профессор М.Н. Сенников, т.ғ.д., профессор Ш.Ж. Сұранқұлов басқарды.

Қазіргі уақытта факультет түлектері әртүрлі өңірлік мекемелерде басшылық қызметін атқаруда (Г. Әбдіхалықова – Қазақстан республикасының мемлекеттік секретарі, М.Ж. Жаманбаев – Манғыстау, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының қызметін атқарған, Ш.Исабеков – мәжіліс депутаты болған, қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша «Тараз СПК» бастығы, А.Джарболов – Жамбыл облысы бойынша «Жамбыл электр тораптары» ЖШС бастығы, Б.Артаев – Афина олимпиадасының чемпионы және т.б.).

Соңғы он жылдықта М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрамында, сондай – ақ, қашықтықтан білім беру бойынша нормативті және регламентті құжаттардың жасау әдісі мен формалары, міндеттері, мақсаттары алдыңғы тәжірибелі оқу үрдісін ұйымдастырудың сырттай оқыту түрін дамытудағы болашағының бағыттарын анықтады.

Қашықтықтан білім беру факультеті 75 білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар дайындайды. Оның ішінде экономикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары –7, технологиялық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары –24, техникалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары –10, гуманитарлық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары –19, педагогикалық мамандықтар бойынша 15. Факультеттегі 5 бағытта оқитын студенттерге университетіміздің 57 кафедрасынан 37 доктор, 207 ғылым кандидаттары, 16 PhD докторлары, 115 магистрлері дәріс береді. Қазіргі кезде факультетте 4168 білімгер дәріс алады.

Оқу үрдісін қамтамасыз етуге институтта университеттің барлық кафедралары мен бөлімдері жұмыс атқарады. 2011 жылдың қараша айынан институтты т.ғ.к., профессор Мұрат Мұсабекұлы Бекмұратов басқарады, ал оның орынбасары PhD доктор, доцент С.Ә. Орынбаев.

Факультет құрамы
ОРЫНБАЕВ СЕЙТЖАН ӘУЕСЖАНҰЛЫ

Декан орынбасары

PhD докторы, доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


САРСЕМБАЕВА МИРАМГУЛ КОНЫРАТБАЕВНА

Декан орынбасары

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


ИСКАКОВА ДАНА ҚАСЫМҚЫЗЫ

Әдіскер

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


ЕРЛЕПЕСОВА АРДАҚ ҚАРАМАНҚЫЗЫ

Әдіскер

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


ТУРГАНОВА НАЗИПА АХМЕТҚЫЗЫ

Әдіскер

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


ЖЕКЕБАЕВА АЙГҮЛ БАЗАРБАЙҚЫЗЫ

Магистр

Әдіскер

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


ШАТАЕВА ГҮЛНАР БОТБАЙҚЫЗЫ

Әдіскер

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


АБДРАИМОВА ҒАЗИЗА ДАНЫШБАЙҚЫЗЫ

жоғары санатты маман

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


ЖАБАЕВА ЖҰЛДЫЗ ШАЙБОЛСЫНҚЫЗЫ

Әдіскер

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


ЖАППАРКУЛОВА САЛТАНАТ ШАЙМЕРДЕНОВНА

Әдіскер

Магистр

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205


КУРМАНБАЕВА ГУЛДАНА МЕЙРБЕКОВНА

Әдіскер

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205

ЖАНЫСОВА ГҮЛЖАН ӘБДІКЕРІМҚЫЗЫ

оператор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Технологиялық кешен, 2.4-205

Біздің түлектер
 
Top