Журнал туралы
«Механика және технологиялар» ғылыми журналы
Шығу жиілігі: тоқсан сайын (жылына 4 рет)
Мақала жариялау тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
ISSN: 2308-9865
eISSN: 2959-7994
МББ тіркеу куәлігі: №13521-Ж (15.04.2013 ж.)
МББ қайта тіркеу куәлігі: KZ93VPY00027164 (23.09.2020 ж.)
Журналға жазылу индексі: 74714 («Казпочта» АҚ -«Почтовый сервис»)
«ҰМҒТСО» АҚ анықтамасы: Журнал ГОСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық рәсімдеу» және ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері» талаптарына сәйкес келеді. «ҰМҒТСО» АҚ анықтамасы
Тақырыптық бағыты. «Механика және технологиялар» ғылыми журналына келесі бағыттарға сәйкес мақалалар қабылданады:
- механика (қатты дене, сусымалы заттар, топырақ, сұйық және газ тәрізді заттар механикасы);
- тамақ өнімдерінің технологиялары;
- жеңіл өнеркәсіп технологиялары;
- көлік технологиялары;
- құрылыс технологиялары;
- машина жасау технологиялары;
- химиялық технологиялар;
- экологиялық технологиялар;
- мелиорациялау және суғару технологиялары;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Журнал 1994 жылдан бастап шығады. Журналдың алғашқы аты «Механика және технология үрдістерін модельдеу». Жылына 2 рет шыққан. Тіркеу нөмірі: №1193 (23.11.1993 ж.), №560-Ж (4.02.1999 ж.), №4244-Ж (08.10.2003 ж.).
2013 жылдан бастап журналдың тақырыптық бағытын кеңейту мақсатында журнал «Механика және технологиялар» деген жаңа атқа ие болды.
Журнал жұмысы «Мерзімді ғылыми басылымдар туралы ережесі» («М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ ректорының 19.11.2020 ж. №152 бұйрығымен бекітілген) құжатқа сәйкес ұйымдастырылады.
Сілтемелер жүйелерінде таралуы. «Механика және технологиялар» журналы келесі дерекқорларға енгізілген:
- Ұлыбританияның Инжиниринг және Технологиялар Институтының Information Service for Physics, Electronics аnd Computing (INSPEC DIRECT) реферативтік дерекқорына;
- ресейлік РИНЦ ғылыми дәйексөздеу ұлттық библиографиялық деректер базасына (2020 ж. импакт-факторы – 0,034);
- қазақстандық ҚазБЦ сілтемелер дерекқорына (2020 ж. импакт-факторы – 0,088).
ҚР Ғылыми және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің негізгі ғылыми басылымдар тізіміне енгізілуі.
«Механика және технологиялар» журналы келесі ғылыми бағыттар бойынша Комитет тізіміне енгізілген (2024 жылғы 26 наурыздағы №374 бұйрық):
- құрылыс технологиялары;
- жеңіл өнеркәсіп технологиялары;
- химиялық технологиялар;
- тамақ өнімдерінің технологиялары.
Редакция мекен-жайы: 080000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 60, «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ технологиялық кешені, каб. 2.1-102.
Телефон: +7 7262 45-35-10, WhatsApp +77471310150
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Сайт: http://journals.dulaty.kz
Баспа аты: «Dulaty University баспасы»
Журналдың құрылтайшысы және шығарушысы: «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ