Жабдықтаушылардың қатысу тәртібі
Жарияланым сайтта шыққаннан кейін барлық коммерциялық немесе бағалық ұсыныстар қағаз түрінде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің кеңсесіне тапсырылады. Егер коммерциялық ұсыныстар электронды нұсқада (PDF) болса, олар Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасы арқылы қабылданады. Одан кейін университеттің кеңсесі ұсыныстарды тіркеп, ғылым және коммерцияландыру департаментіне жібереді, онда барлық коммерциялық ұсыныстар «Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қажетті тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу ережесіне» сәйкес сараптама комиссиясымен қаралады (Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығы).
Қатысушылар үшін нормативтік құжаттар
«Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын» (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығы.)
Келісімшарт жасау шарттары
Жабдықтаушы міндетті:
-Компанияның (өндіруші зауытының) ресми дистрибьютор болуы;
-Барлық жеткізілген құралдар мен жабдықтар бойынша 1 жыл кепілдік беру;
-Жеткізілген жабдықты монтаждау және реттеу жұмыстарын жүргізу;
- персоналды оқыту (қажет болған жағдайда);
-Жеткізілген жабдыққа қажетті барлық құжаттарды (паспорт, сәйкестік сертификаты) ұсыну;
-Келісім-шарт жасау үшін қажетті барлық құжаттарды ұсыну (құжаттарға қол қоюға өкілетті тұлғаның деректері (аты-жөні, жарғы немесе сенімхат №/күні немесе басқа негіз бойынша әрекет ету), заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы анықтама).