ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Байланыс нөмірлері: 8(7262) 42-59-19

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сатпаев көшесі 28 (Гидро кешен оқу ғимараты)

Факультет жайлы

«Экономика және құқық» факультеті 2020-2021 оқу жылының қазан айының 26-шы жұлдызы күні «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ институттар/факультеттер мен кафедралар құрылымын оңтайландыру туралы» бұйрығы бойынша «Заң» факультеті мен «Экономика және бизнес» факультеттерінің бірігіуі негізінде құрылған. Факультет құрамында 6 мамандар даярлайтын кафедралар бар.

Бүгінгі күні «Экономика және құқық» факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 124 оқытушыны құрайды, оның ішінде 1 ғылым докторы, 36 ғылым кандидаты, 12 PhD докторы, 5 бейіні бойынша докторы (DBA), ПОҚ-ның 100 пайызы магистр ғылыми дәрежесін иеленген. Факультет құрамының орта жасы 42 жасты құрайды. Сонымен қатар, бұрын өндірісте, мемлекеттік қызметте, қаржы саласында, және құқық қорғау органында қызметте болған тәжірибелі жұмыс беруші мамандар қосалқы жұмыс жасайды. Құқық бағыты бойынша факультет оқытушылары Қазақстан заңгерлер Одағының және заңгерлер кеңес беру палатасының мүшелері болып табылады.

Экономика және құқық факультетінің мақсаты аймаққа қажетті құқықтық және экономикалық білім беру мен білім алушылардың заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, білім саласындағы ұлттық рейтингтің жоғары деңгейдегі жетістіктеріне жету, сондай-ақ, рухани-адамгершілік құндылықтарға, тарихи, ұлттық дәстүрлерге негізделген тұлғаларды тәрбиелеу; заман талабына қабілетті, білікті кадрларды даярлауға, құқықтық ғылыми зерттеулерге, цифрлық экономиканы құқықтық реттеу жүйесін құруға, цифрлық технологияларды қолдануға қатысу, жұмыс берушілерді қатыстыра және келісе отырып өңірге қажетті кәсіби мамандарды даярлау, 2022 жылғы МЖБС кәсіби стандарттарының талаптарын ескере отырып, ҚР ҒжЖБМ реестрінде кемінде 20 білім беру бағдарламасын жаңартуды ұйымдастыру. Факультетте бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық Даму бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштерін мүмкіндігінше белсенділік таныта отырып асыра орындау.

Білім беру бағдарламалары

Факультетте мамандар даярлайтын 6 кафедрада 22 білім беру бағдарламасы бар. Оның 12 бакалавр, 10 магистратура. Факультеттегі білім беру бағдарламаларының тізімі:

Кафедра атауы

Кафедрада бекітілген бакалавриат білім беру бағдарламалары

Магистратура бойынша білімберу бағдарламалары

Экономика және менеджмент

6В04114 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

6B04128 - Менеджмент

6В04114 - Бизнес менеджменті

6B04118 - Бизнес экономикасы

7M04111 - Мемлекеттік басқару және әкімшілендіру

7M04120 - Менеджмент

7M04114 - Бизнес менеджменті

7M04119 - Экономика

7M04118 - Бизнес-аналитика

Қаржы және есеп

6В04111 - Кәсіпкерліктің бухгалтерлік есебі, аудиті және салық салуы

6В04117 - Қаржы

7М04117 - Бухгалтерлік есеп және аудит

7М04116 - Кәсіпкерліктің бухгалтерлік есебі және аудиті

7M04115 - Қаржы

Туризм және сервия

6B11111 - Туристік бизнес

6B11114 - Мейрамхана iсi және мейманхана бизнесi

 

Қылмыстық құқық және процесс

6B04211 - Қылмыстық құқық және процесс

7M04211 - Құқық қорғау қызметі саласындағы заңгер

Мемлекеттік және әкімшілік құқық

6B04212 - Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық

 

Азаматтық құқық және процесс

6B04213 - Азаматтық құқық және процесс

6B04214 - Құқықтану

7M04212 - Құқықтану

Университеттің кешенді ақпараттық жүйесін дамыту үшін оқу процестерін автоматтандыру және университетті басқару үшін әр түрлі жаңа заманауи электронды құралдар, бағдарламалар мен ресурстар қолданылуда. Университет порталдарын пайдаланушылардың, соның ішінде білім беру ресурстары мен технологияларының отандық және халықаралық дерек қорларына, силлабустарға және т. б. қолжетімділігі 100 пайыз қамтамасыз етілген.

Факультет ПОҚ-ы алдыңғы қатарлы шетел, республикалық ЖОО және орталықтарында жыл сайын біліктілерін жоғарылатып отырады.

Қазіргі уақытта факультет жұмыс берушілерімен тиімді қарым-қатынаста және тығыз байланыс жасасуы үшін дуалды оқыту жүйесін жетілдіру үстінде. Ғылыми зерттеулер мен студенттердің кәсіби тәжірибелері өтетін мекемелер мен ұйымдарда кафедралардың филиалдары қызмет етеді.

Академиялық ұтқырлық

Білім деңгейін көтеру мақсатында академиялық ұтқырлығын дамыту бағытында факультет студенттері шетелдерде:

  • Мемлекеттік және көршілес жатқан мемлекеттердің жоғары оқу орындарында;
  • Түркияда, Кастамону университетінде;
  • Испанияда, Хуэльва университетінде;
  • Польшадағы Жешув технологиялық университетінде, Катовице қаласындағы экономикалық университетінде шетелдік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан және білім деңгейлерін жетілдіріп келеді.Сонымен қатар, ПОҚ-ның арасынан Президенттің Болашақ бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылында 2 оқытушы Шалдарбеков Қ.Б. (Венгрия) және Алибекова В.Н. (Мәскеу қ.) тағылымдамадан өтіп келді.
Деканат
ЕРНИШЕВ ҚАЙРАТ АСЫЛБЕКҰЛЫ

Факультет деканы

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс телефоны:: 8(7262) 42-59-19

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ИГЛИКОВА АСЕЛЬ НҰРМАНХАНБЕТҚЫЗЫ

Оқу ісі жөніндегі орынбасары

Экономика магистрі, аға оқытушы

Байланыс телефоны:: 8 (7262) 56-85-83

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


СУЙМЕНБАЕВА АКМАРАЛ МУКАТАЕВНА

Оқу ісі жөніндегі декан орынбасары

Құқық магистрі, аға оқытушы

Байланыс телефоны:: 8 (7262) 51-20-55

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


МАХАМБЕТОВ АСҚАР БОЛАТҰЛЫ

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Экономика магистрі, аға оқытушы

Байланыс телефоны:: 8 (7262) 51-20-55

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


САРЫМБЕТОВ ЕРЛАН АСҚАРҰЛЫ

Ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Заңтану магистрі, аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Материалдық-техникалық базасы

Университетте тиімді оқу-ғылыми инфрақұрылым құру талаптарға сай келеді. Факультеттің заманауи жабдықтармен жабдықталуы және материалдық-техникалық базасын жетілдіру (корпустарға, үй-жайларға жөндеу жұмыстарын жүргізу) тұрақты түрде университет тарапынан жүргізіліп тұрады.

Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультетте 9 компьютерлік класс,  16 заманауи интерактивті тақта, 2 арнайы кабинет және 2 электронды оқу залы,факультет студенттерінің практикалық сабақтары өтетін криминалистикалық зертхана: Криминалистикалық зертханада арнайы техникалық құралдардың көмегімен іздер мен заттай материалдарды табу, тіркеу және алу әдістерін қолдануға; жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тактикалық тәсілдерді қолдануға; қылмыстардың  әртүрлі жасалу тәсілдеріне қарай ажырату әдістемесін үйренуге; қылмыс жасауға ықпал ететін мән-жайларды анықтауға, қылмыстарды тергеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және алдын алу жөніндегі қызметті жоспарлау және жүзеге асыруға дағдыланады.

«Сот залы»: Факультет құрамында құқық бағытында білім алатын студенттерге арналған мамандандырылған «Сот мәжілісі залы» құрылған. «Сот мәжіліс залында» азаматтық, әкімшілік  және қылмыстық істер бойынша сот процесстерін шынайы тұрғыдан тәжірибелік жағдайда өткізуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Бірлескен ынтымақтастық нәтижесінде Жамбыл облыстық және Тараз қалалық соттарының көшпелі сот процесстері аталған сот мәжіліс залында өткізіліп тұрады.

«Мини-Банк» және 1с:Бухгалтерия мамандандырылған аудиториялары:

Факультет құрамында экономика бағытында білім алатын студенттерге арналған мамандандырылған «Мини-банк» өндірістік орталығы және 1С:Бухгалтерия бағдарламасымен жабдықталған арнайы аудиториялар бар. Студенттер тәжірибелік сабақтарын осы аудиторияларда банк қызметінің негізгі жұмыстарымен және бухгалтерия саласының мән-жайымен толық танысуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Бірлескен ынтымақтастық нәтижесінде Жамбыл облыстық және Тараз қалалық екінші деңгейдегі банктерімен және кәсіпорындарымен келісім-шарт жасалған.

Құқық бағыты бойынша білім алатын студенттер үшін «Заң» мәліметтер бағдарламалық қорымен қамтамасыз етілген «Нормативтік құқықтық актілер» кабинеті бар. Іздеуші «Заң» мәліметтер қоры студенттерге түрлі анықтамаларды қолдану арқылы жалпы нормативтік құқықтық актілерді пайдаланудың оңай жолдарын табуды меңгеруде мүмкіндік береді.

Факультет жетістігі

Қазақстан Республикасының «Үздік оқытушы» байқауының жеңімпаздары:

Абдукаримова З.Т. – ҚР үздік оқытушысы;

Молдабекова А.Ш. - ҚР үздік оқытушысы;

Қожабеков С.С. - ҚР үздік оқытушысы;

Амалбекова Г.Е. - ҚР үздік оқытушысы;

Байтиленова Е.С. - ҚР үздік оқытушысы.

Профессор-оқытушылар құрамы арасынан ҚР Президентінің Болашақ халықаралық шәкіртақысының иегерлері: Искакова Г.К; Әбілдаев С.Т; Назикова Ж.А; Тлеубаева С.Т.

Э.ғ.к., доцент Молдабекова А.Ш. «Білім беру» саласы бойынша «ҚР-ның 100 Үздік маманы – 2022» республикалық байқауына қатысып 1-дәрежелі дипломмен марапатталынды.

Студенттер арасынан Президенттік шәкіртақы иегерлері: Нұрланқызы Мадина; Кеңесова Ақгул Жамбылқызы; Елтай Әсел Бекболатқызы; Қырықбай Айгерім Ғалымжанқызы; Бабаханова Дильдора Юлдашовна; Тұрсыналы Димаш Ғазизұлы; Турарбекова Гаухар Куатбеккызы; Лукьяненко Екатерина; Жетібай Бернар Жасұзақұлы.

«Студент-зерттеуші» атағының иегерлері: Бабаханова Дильдора; Әлімқұл Еркін; Елтай Әсел; Кеңесова Ақгул; Литвиненко Артем; Мирзахалов Исломбек; Қырықбай Айгерім; Хисаматдинова Анжела; Нұрланқызы Мадина; Бестаева Айбарша; Лукьяненко Екатерина; Мирзахалов Улугбек; Исагали Дариға.

2022 жылдың студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының жеңімпаздары:

5В050700 - «Менеджмент» секция бойынша 1 дәрежелі – Оразбек Дінмұхамед Мұхтарұлы, 2курс, 6В04114 ГМУ-3 тобы;

5В051100 - «Маркетинг» секция бойынша 1 дәрежелі – Жұбаев Аян Әбдімұратұлы, 3 курс, 6В04128 МД-4 тобы.

30.11.2022 жылы Өскемен қаласында өткен ҚР жоғарғы оқу орындарының 1-2 курс студенттерінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша IV – Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, 1-дәрежелі дипломмен студенттер: Жолдасова А.Қ., Мусабек А.С., Копсурсинова Қ.М., Абдимажит Ж.Ж., Ануарбекқызы А., Джамалова Ә.Б., Ақарыс Ж.А., Тұрсынбекова  А.Қ., Жамалбекова М.Ж., Ербосынова А.Е., Әлшора Д.А., Амантаева Қ.Ж. марапатталынды. Жетекшілері аға оқытушы Зауырбекова Л.Е. және э.ғ.к., доцент Тлеубаева С.А.

Түлектерімізбен мақтанамыз
АБИЛХАИРОВА ГАУХАР МУХАНОВНА

2001 жылғы түлек, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі өкілдігінде кеңесші болып жұмыс істейді.

БАЙКУЛОВА ГУЛЬФАЙРУЗ МАМАНБАЕВНА

2001 жылғы түлек, 2014 жылдан Жамбыл облыстық сотының судьясы.


БЕГИМБЕТОВА ГУЛЬВИРА СЕЙТАЕВНА

2001 жылғы түлек, 2013 жылдың 1 ақпанынан Тараз қалалық сотында судья.

БУРКИТБАЕВ СЕКЕР КАСЫМБАЕВИЧ

2001 жылғы түлек, 2017 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуроры лауазымын атқаруда.


ҚОБЛАНДИН КАЛИЖАН ЖЕНИСБЕКУЛЫ

2001 жылғы түлек, 2016 жылдан бері Қызылорда облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы

ТОЙШЫБЕКОВ ДАНИЯР МЫРЗАГЕЛДІҰЛЫ

2001 жылғы түлек, 2014 жылдан ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Жедел басқармасының бөлім басшысы.


ТАШТАМИРОВ ШОВКАТ СМАТЫЛАЕВИЧ

2001 жылғы түлек, 2014 жылдан Тараз қаласы прокуратурасының азаматтық, әкімшілік істер және атқару өндірісі бойнша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің басшысы

АБУБАКИРОВ ТАЛҒАТ МЕЙРХАНОВИЧ

2002 жылғы түлек, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Орындаушылық тәртіпті мониторингтеу басқармасының басшысы.


АДИЛОВ НУРЖАН АХМЕТҰЛЫ

2002 жылғы түлек, 2020 жылдан Талас ауданының прокуроры қызметтерін атқарды.

АХМЕТОВА АЙМАН АРЫСТАНБЕКОВНА

2002 жылғы түлек, 25.02.2016 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің №203 Жарлығымен Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының судьясы


БЕРДИБЕКОВ РУСЛАН МЕЙРАМБЕКОВИЧ

2002 жылғы түлек, Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының басшысы.

БУРКИТБАЕВ ЕРКЕБУЛАН УТЕГЕНОВИЧ

«Денсаулықты дамыту республикалық орталығы» РММ Менеджмент орталығының жетекшісі қызметін атқарады.


МҰХАМЕТҚАЛИЕВ РИНАТ ЗӘКИҰЛЫ

2002 жылғы түлек, 2010 жылғы ақпан айында ҚР Президентінің Әкімшілігіне Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің инспекторы.

ТӘЖІКЕНОВ ЕРКІН ОНДАСЫНҰЛЫ

2002 жылғы түлек, Қызылорда облысының Әділет департаментінің жетекші маманы қызметін бастап, 2007 жылдан бастап осы департаментін бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.


ШЫМЫРОВА АЙГУЛЬ АБДРАХИМОВНА

2002 жылғы түлек, 2016 жылдан бастап ҚР Президенті Жарлығымен Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының судьясы қызметін атқарады

ҮСЕНҰЛЫ НҰРЛАН

2002 жылғы түлек, 2017 ж. 10 маусымынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінде қызмет атқаруда.


БАЙСЕИТУЛЫ МУРАТ

2003 жылғы түлек, 2014 ж. Алматы қ. ҚР инвестициялар және даму Министрлігі, «Инфекцияға қарсы жабдықтар ғылыми орталығы» АҚ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

СЕЙСЕБАЕВ АСПАНДИЯР МУРАТАЛИЕВИЧ

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы


КАЛЕНДЕРОВ НҰРЖАН СӘБИТҰЛЫ

Шу ауданының әкімі

МАТЕН МАДИ МЕЙІРБЕКҰЛЫ

"Nur Otan" партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары


ҚҰРМАНОВ АСЫЛЖАН ТҰРСЫНАЛЫҰЛЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы

АБДРАЛИЕВА САНДУГАШ ЕРМАХАНҚЫЗЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы. Басшы орынбасары


ҚАСЫМОВ РУСТЕМ ҚАЛМҰХАМБЕТҰЛЫ

"Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Қалтаев Ануар

«Альянс Банктің» директорлар кеңесінің төрағасы;


Әсілбеков А.А.

облыстық мәслихаттың хатшысы;

Айбасова Балжан

«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ң директоры;


Құлбарақов Қ.А.

ҚР-ң Ұлттық банкінің Атырау филиалының директоры;-Мәдиев С.Ө. - Жамбыл облыстық статистика Басқармасының бастығы;

Махашев Ж.Қ.

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ң Жамбыл облыстық бөлімшесінің директоры;


Мәдиев А.Ө.

Алматы қалалық әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы;

Мәдиев У.Ө.

Жамбыл облыстық Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары;

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Оның ішінде гранттық жобаларға, әртүрлі деңгейдегі конкурстарға, конференцияларға жүйелі түрде қатысып тұрады.

2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша байқауға факультеттен 9 өтінім берілді:

1. AP23490388 - «Механизм интеграции международной торговлей сельскохозяйственной продукцией стран Центральной Азии и Китая: проблемы и направления развития» – ғылыми жетекші Чимгентбаева Г.К.;

1. AP23490388 - «Механизм интеграции международной торговлей сельскохозяйственной продукцией стран Центральной Азии и Китая: проблемы и направления развития» – ғылыми жетекші Чимгентбаева Г.К.;

2. AP23490076 - «Комплексное исследование пространственно-отраслевого развития Жамбылской области в условиях цифровизации экономики» – ғылыми жетекші Наренова А.Н.;

3. AP23490078 - «Современное направления теоретических и методических разработок по формированию «soft skills» в подготовке конкурентоспособных специалистов» – ғылыми жетекші Назикова Ж.А.;

4. AP23490388 - «Обеспечение продовольственной безопасности посредством создания сельскохозяйственного хаба на территории Казахстана» – ғылыми жетекші Искакова Г.К.;

5. AP23490094 - «Исследование влияния мировых рейтингов университетов на высшие учебные заведения Казахстана: углубленный анализ и последствия для стратегического развития» - ғылыми жетекші Қожабеков С.С..

6. AP23490254 – «Исследование вопросов противодействия экстремизму и терроризму в среде правоохранительных и государственных органов и разработка методики оценки проводимой профилактической работы» - ғылыми жетекші Абдукаримова З.Т.;

7. AP22688495 – «Совершенствование и внедрение мер по предотвращению и борьбе с семейно-бытовым насилием в отношении женщин и несовершеннолетних» - ғылыми жетекші Абдраманова Н.К.;

8. AP23486619 – «Совершенствование инструментов продаж услуг индустрии гостеприимства на основе анализа данных» - ғылыми жетекші Молдашева А.Б.;

9. AP23490768 – «Институционально-правовые вопросы межведомственного взаимодействия субъектов по профилактике и противодействию бытовому насилию в отношении женщин» - ғылыми жетекші Бекенова А.Б..

Шетелдік және отандық ЖОО, ҒЗИ-ң ғалымдарымен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу жағдайыа келсек, «Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы э.ғ.к. Молдашева Алтынай Боранбаевна Түркия мемлекетінің Кастоману университетінің профессоры Саваш Канболатпен және профессор Кутай Октаймен бірлесіп «Совершенствование инструментов продаж услуг индустрии гостеприимства на основе анализа данных» атты тақырыпта ғылыми жоба дайындап, 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша байқауға қатысып, өтінімдерін жіберді.

Ал, «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к. Бекенова Анар Берденқызы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының з.ғ.к. Асқарбекқызы Назирамен бірлесіп, «Возрождение традиционной казахской правовой системы, его достоверность и значение в установлении справедливого Казахстана» атты тақырыпта ғылыми жоба дайындап, 2024-2026 жылдарға жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша байқауға қатысып, өтінімдерін жіберді.

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІ

«Экономика және құқық» факультетінің 4 оқытушысы 2023 жылдың 20 желтоқсандағы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен әлемнің жетекші орталықтарында ғылыми

тағылымдамадан өту үшін «500 ғалым» бағдарламасының стипендия иегері атанды:«Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы Қайназарова Мақпал Бақытжанқызы;

«Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі Джабаилдаева Гүлнар Тоқсанбайқызы;

Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының PhD докторы Избасаров Айтжан Омирбекович;

«Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тлеубаева Сантай Азизбековна.

Факультет құрамында 7 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс атқарады: «Менеджер», «Цивилист», «Бухгалтер финансист», «Жеті жарғы», «Әділет», «Сервис», «Бизнес аналитик». Студенттік ғылыми үйірменің негізгі мақсаты: студенттер мен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген мүмкіндіктерін ашу. Студенттердің ғылыми теориялық зерттеумен айналысуды, әр түрлі деңгейдегі ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысуды және баспаларға мақала жариялауды қарастырады. Осыған орай студенттік ғылыми үйірмелер Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында шағын конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, пікір сайыстар өткізіп келеді.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырумен 18-35 жас арасындағы студенттер, магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар арасында «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсына «Бизнес» номинациясы бойынша іріктеу туры өткізілді. Бұл конкурсқа мына студенттер өз жобаларын ұсынған болатын.

1. «Studs cafe» жобасы – Нұрберган Батырбек, Жұмағалиев Жасұлан

2. «Жамбыл облысының Грейг қызғалдақтары» жобасы – Хорешко Камилла, Берік Әдема;

3. «Производство пастилы и фрутчипсов» жобасы – Бикашев Владислав Султанович;

4. «Инновациялық эко жүйесі» жобасы – Бекмуратова Шолпан.

А.И. Рзабайдың жетекшілігімен 3 курс студенті Артель Дария Қайратқызы Анапа қаласындағы «Үздік зерттеу жұмыстары» атты V Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына «Правовое регулирование определения долей в общей собственности супругов» тақырыбындағы үздік зерттеу жұмысы бойынша 1- орынға ие болды.

А.И. Рзабайдың жетекшілігімен 3 курс студенті Сунгат Дана Бейбиткызы Ресей Федерациясы, Пенза қаласында «Үздік студенттік жұмыс - 2023» атты VII Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына «Правовые проблемы развития малого бизнеса в Казахстане» тақырыбымен 1- орынға ие болды.

Биылғы жылы факультеттің 7 студенті «Студент-зерттеуші» атағының иегерлері болды: Жетібай Бернар Жасұзақұлы, Нурова Еркеназ Елдосқызы, Мелдебек Айсұлу Арынбекқызы, Оразбек Дінмұхамед Мұхтарұлы, Саитбаева Адиля Абдумаликовна, Зиилдаева Айжан Русланкызы, Сағымбаева Альбина Ерболатқызы.

Факультет тарапынан орнатылған халықаралық байланыстар

-Болгария, Қырғызстан, Беларусь, Чехия елдерімен, атап айтқанда:

-Түркия, «Балыкесер», Хитит, Hitit University (HU) университеттерімен;

-Польша - Корфантого атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетімен;

-Грузия мемлекетінің Акаки Церетели университетімен;

-Италия мемлекетінің Камерино университетімен;

-М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен;

-А.С. Грибоедов атындағы Мәскеу университетімен;

- Болгария мемлекетінің Черноризец Храбр атындағы Варна еркін университетімен;

-Турция мемлекетінің Мугла Сыткы Кочман университетімен;

-Литва - Вильнюс университетімен;

-Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен, Беларусь;

-Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен және т.б. ЖОО-мен халықаралық байланыс орнатылған.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Факультеттің оқу әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және орындалу сапасын бақылаушы құрылым ретінде оқу әдістемелік бюро жұмыс істейді. Факультеттің оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспары бекітілген іс шаралар мерзімінде орындалып отырды. «Экономика және құқық» факультетінің оқу-әдістемелік жұмыстары Қазақстан Республикасы БжҒМ Жоғары оқу орындарына қойылған міндетті талаптарына сәйкес орындалады. Факультет кафедраларында курстық жұмысты, дипломдық жұмыстарды және магистрлік диссертацияларды жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленген. Кафедрлардың оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру мақсатында әдістемелік семинарлар өткізіліп отырады. Сонымен қатар, кафедралардың пәндері бойынша оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қашықтықтан оқыту үрдістерін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету ғылыми әдістемелік бюрода талқыланып отырады. Факультеттің оқу әдістемелік бюросында оқу жылында шығарылуға ұсынылған оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, монография мен электрондық ресурстардың, оқу үрдісін заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейлері, жұмыс оқу бағдарламалары (силлабус), оқу-әдістемелік кешендерді жоспарлау мәселелері қаралып отырады.

Факультеттің профессорлық оқытушылық ұжымы өздерінің оқу-әдістемелік іс-шараларын жоғарғы оқу жүйесінің талаптарына сай ұйымдастырады және оның ғылыми педагогикалық әлеуеті бакалаврлар мен магистрлерді даярлауға мүмкіндік береді. Факультет профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын құқық және экономика бағытында оқу әдістемелік жұмыстар жоспарлап орындап отырады.

Оқу үрдісі және оның сапасы өзара сабаққа қатысу және ашық сабақ жүргізу түрінде қадағаланады. Жылдан жылға оқытудың қазіргі заманға сай жаңа педагогикалық технологиялары мен тәсілдері оқу процесіне енгізілуде. Кафедраның профессор - оқытушылары дөңгелек стол, шағын топтарға бөліп өткізу, дебат сияқты әдістерді кеңінен қолдануда. Кафедрада жаңа технологиялар мен электронды оқулықтар және оқудың жаңа әдістерін ендірумен студенттердің танымдық қызметін белсендіру саласында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік тілде оқу үрдісін және оқу-әдістемелік жұмыстары ұйымдастыруға ерекше назар бөлінеді. Мамандыққа қажетті барлық оқу-әдістемелік құралдар қазақ тілінде және орыс тілінде, ал көптілді білім алу топтары үшін ағылшын тілінде әзірленген.

Тәрбие жұмыстары

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика Және құқық» факультетінде оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады.

Тәрбие жұмыстарын жүргізудегі барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрдегі бірлескен жұмыстың шеңберімен қамтылады.

Тәрбие жұмысының мақсаты:

•Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады.

•Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жұмыс жүргізу;

•Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

•Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

И•Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында жастар патриотизм тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса мән береді.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ет

3.Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

5.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ эволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басшылыққа алуына ықпал ету.

6.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

7.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

9.Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру.

10.Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі, ұлт ететін мәдени-генетикалық кодтың негізі.

Top