XXVI студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция

Дулати университеті қабырғасында «Студенттік ғылым – зерттеу әлемі» тақырыбында XXVI студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылу салтанаты өтті.

Ғылыми-тәжірибелік конференция техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық ғылымдар бағыты бойынша өтеді.

Іс-шараның ашылу салтанатында Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев алғашқы сөз кезегін алды. Сейітжан Әуесжанұлы ғылыммен айналысудың қажеттілігін, артықшылығын айта келе, 2023 жылғы ғылым саласы бойынша студенттердің жетістігіне тоқталды. Халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға барлығы 268 студент қатысып, 130 студент жеңіске жеткен.

Дәстүрлі конференция барысында ғылыми-зерттеу жұмыстардың Республикалық байқауында жеңіске жеткен студенттер дипломмен және қаржылай сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ, 38 студентке студент-зерттеуші біліктілігі беріліп, куәлігі табыс етілді.

XXVI студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жас зерттеушілер техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық ғылымдар бағыты бойынша түрлі тақырыпта баяндама жасады. Айта кетейік, дәстүрлі конференция мамыр айының 14 күніне дейін жалғасады.

гылыми3051111

гылыми3052222

гылыми3053333

 

Прочитано 144 раз
Top