ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ THE 2024 АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ РЕЙТИНГТЕ РЕПОРТЕР СТАТУСЫН ИЕЛЕНДІ

2024 жылғы 30 сәуірде Times Higher Education (THE) 2024 Азия университеттері рейтингі жарияланды. Рейтинг 31 ел мен аймақтан 739 азиялық университетті қамтыды. Рейтингте оқыту, зерттеу, білім беру және халықаралық көрсеткіштер бойынша барлығы 18 индикатор бағаланады.

Қазіргі уақытта THE рейтингке енген жоғары оқу орындарының саны жылдан жылға артып келеді. Көптеген танымал университеттер қатысуға ұмтылатын бұл рейтинг өте эксклюзивті нысанға айналып келеді.Биыл Азия университеттері рейтингінің 12-ші басылымы өтуде. Рейтинг методологиясы осыдан 20 жыл бұрын университеттердің әлемдік рейтингі іске қосылғаннан бері екінші рет айтарлықтай жаңарды және қазір THE Азиядағы жоғары білімнің оң өзгеріске ұшыраған табиғатын одан да жақсырақ көрсетуде.

Дулати университеті осы маңызды рейтингке қатысу үшін өз мәліметтерін ұсынды және біздің университетке 18 критерийлі бағалау нәтижелері бойынша "репортер" мәртебесі берілді. Бұл мәртебе біздің университеттің рейтингтік процестің белсенді қатысушысы екенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда Дулати университеті төмендегі суретте көрсетілген жоғары нәтижелерді көрсетеді. Сондай-ақ, THE веб-сайтындағы көрсеткіштерді де зерттеуге болады:

https://www.timeshighereducation.com/world-university-rankings/2024/regional-anking#!/length/25/locations/KAZ/sort_by/rank/sort_order/asc/cols/stats

Агенттіктің шарттары бойынша THE әлемдік рейтингіне толыққанды қатысу үшін университеттерде Скопус базасында бес жыл ішінде кемінде 1000 мақала жариялануы қажет және бұл деңгей төмендемеуі тиіс.

Қазіргі уақытта Дулати университетінде соңғы бес жылда Скопус базасында 463 мақала бар. Университеттің академиялық, ғылыми әлеуетін арттыру үшін сапалық және сандық индикаторларды қамтитын 2029 жылға дейінгі дамудың жаңа бағдарламасы, басқарудың барлық деңгейлері мен ПОҚ және ғылыми қызметкерлер үшін жаңа KPI жүйесі әзірленді. Бұл бүкіл университеттің ғылыми метриялық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Прочитано 110 раз
Top