ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Карьера және бизнес серіктестік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Даурен Мамытов, Криминалистикалық бөлімнің басшысы Мақсат Байдалиев, Жедел басқармасының басшысы Мадияр Орынтаев пен бітіруші түлектер қатысты.Еркін форматта өткен кездесуді Академиялық мәселелер бойынша проректор м.а. Сауле Алимбаева жүргізіп отырды.

Кездесу мақсаты – құқық қорғау қызметінде жұмыс істегісі келетін және елдің экономикалық қауіпсіздігіне үлес қосуға ниетті  білімді, талантты және креативті жастарды іріктеу арқылы Қаржылық мониторинг агенттігінің кадрлық әлеуетін күшейту және жаңарту. 

Кездесу барысында спикерлер бітіруші түлектерге департаменттің атқаратын жұмыстарының ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша департаментте жұмыс істеу үшін қажет талаптар,Құқық қорғау органдары академиясына түсу ережелері туралы толықтай түсіндіріп өтті.

Даурен Мамытовтың айтуынша, дәстүрлі іріктеу жүйесінде үміткерлер құжат тапсырып, сұхбаттасуға шақырылатын болады. Дегенмен, бұл тәсіл әлеуетті үміткерлерді жақсы тануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан сарапшылар тобымен бірге үміткерлердің моральді-іскерлік қырларын алдын ала зерделеу кезеңін енгізген.Белсенді өмірлік ұстанымы бар, коммуникативті, креативті жастарға мүдделіміз.

Кездесу барысында студенттер толыққанды мағлұматтар алып,өз қызығушылықтарын білдірді. Мамандар қойылған сауалдарға жауап берді.

24111111

2422222

243333

 

 

Прочитано 155 раз
Top