DULATY HACHATHON - 2024

Дулати университетінде Zhambyl IT hub-тың қолдауымен “DULATY HACHATHON - 2024” университетішілік байқауы өтті. Хакатонға университетіміздің студенттерінен құралған 9 команда қатысты.

Хакатон өткізудегі басты мақсат - дарынды жастарды анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандыру, презентациялар (питч) нысанында идеялар мен жобаларды ұсынудың практикалық дағдыларын пысықтау, жастардың кәсіби салада жүрген менторлармен және жетекші мамандармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін арттыру.

Хакатон - бұл Дулати университетінің барлық курстарының ниет білдірген студенттері мен магистранттарының бейресми жағдайда IT мәселелерді шешуге атсалысып, шығармашылық идеяларын прототипке айналдыратын бағдарламалашылар марафоны. Қатысушы командаларға қойылған шарт – қысқа мерзім ішінде, яғни 24 сағатта берілген кейске IT шешім жасау.

Жарыс қорытындысы бойыншы: I орынды IT jastary командасы жеңіп алды. Hexagon командасы II орыннан көрінсе, PICO PARK IST командасы III орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом, сертификаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды. Яғни, 1-орынға 100 мың теңге, 2-орынға 60 мың теңге, ал 3-орын жеңімпаздарына 40 мың теңге табыс етілді. Айта кетейік, DULATY HACHATHON – 2024 байқауының өтуіне Жамбыл Hub - Astana Hub технопаркінің өңірлік филиалы мен «VKUS – вкусные суши» демеушілік көрсетті. Іс-шара ұйымдастырушылары:Коммерциаландыру және корпоративті клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімдер, Жобалық басқару және Цифрландыру бөлімі

хакатон1111

хакатон2222

хакатон3333

 

 

Прочитано 125 раз
Top