Версия для печати

БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы «Ұлттық құрылтай» барысында көтерілген басым бағыттарды талқылау мақсатында белсенді студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ақмола облысы Бурабай баурайында өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген өзекті қоғамдық мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, азаматтық қоғамды дамыту және берекелі бірлікті нығайту, адам құқықтарын қорғау, мәдени-рухани даму, әлеуметтік мәселелерді шешу саласына қатысты ойларын ортаға салды.

Ұлттық құрылтай – ұлт бірлігінің бастауы. Ата-баба мұрасы. Елдікті нығайтып, бірлікті бекемдеу мүмкіндігі. Сондықтан, кездесу барысында жас жалын ерекше әсер алып, ұлт болашағына қатысты маңызды тақырыпта пікір алмасып, елдің дамуындағы өз рөлдерін айқындады.

белсен1111

белсен222

белсен3333

белсен444

белсен555

 

 

Прочитано 147 раз