Версия для печати

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында «Бірлігіміз жарасқан» интеллектуалды ойыны өтті. «10ted.kz» ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген шараның мақсаты - дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Интеллектуалды ортаны қалыптастыру, жастар арасында ораторлық мәдениетті қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған сайысқа 7 команда қатысты.

Ойын барысында өзара мықтыны анықтаған командалар, тартысқа толы ойынның көркін қыздырды.

«Бірлігіміз жарасқан» интеллектуалды ойынының нәтижесінде І орынға – «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті ие болса, ІІ орынды – «Дулати жастары» құрама командасы еншілеп, ІІІ орынды – «Жастар рухы» жастар қанаты командасы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

интел1111

интел2222

интел333

интел4444

 

Прочитано 135 раз