Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы жастармен кездесті

Дулати университеті қабырғасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай оқу орнының студенттері, жас мемлекеттік қызметшілер және магистранттарымен кездесті.

Алдымен Жастар сарайында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының жетістіктері, ғылыми еңбектері мен шығармашылық жұмыстары ұсынылған көрме ұйымдастырылды.

Жиынның басты мақсаты – студенттер мен магистранттарды мемлекеттік қызметтегі мансап мүмкіндіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және олардың осы салаға белсенді қатысуын ынталандыру. Тәжірибе алмасу, мемлекеттік сектордағы жұмыстың маңызды аспектілерін талқылау алаңын құру.

Кездесу модераторы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов жиынның маңыздылығын айтып, жастарды белсенді қатысуға шақырды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтегі жаңалықтар мен бастамаларды жастарға жеткізген Дархан Медеғалиұлы сала жаңалықтарына тоқталды:

– Мемлекеттік қызметке креативті ойлайтын жаңашыл жастар қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгінде қызметке орналасуда артық кедергілер жойылуда. Мемлекеттік грантпен оқыған студенттер енді аудан, ауылдарға белгілі мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалады. Бүгінде 124 жас мемлекеттік қызметтерге конкурссыз тағайындалды. Оның ішінде Дулати университетінің түлектері де бар. Қазіргі таңда «Е-Қызмет» порталын пайдаланып кез-келген жерде мемлекеттік органдарда қандай бос орындар барын біліп, өз біліктілігіңізге сай келетін қызмет бойынша онлайн тест тапсыра аласыз. Біздің басты мақсатымыз – көзі ашық, көкірегі ояу, талабы зор жастарды мемлекеттік қызметке тартып, ел дамуына үлес қосу. Жастар үшін ашық және әділ лифт құру. Президент Жастар кадр резерві өкілдерімен кездесуінде жобаның маңыздылығына тоқталды. Биыл республиканың барлық аймағында өңірлік жастар кадр резерві құрылады. Бұл сапалы кадрды іріктеуге мүмкіндік береді. Болашақта сіздердің де сол жастардың қатарынан көрінуге мүмкіндіктеріңіз бар,- деді Дархан Медеғалиұлы.

Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Жас мемлекеттік қызметші» жобасына белсенді қатысқан студенттер мен оқытушылар марапатталды.

1903 111

1903 222

1903 333

1903 444

1903 5555

 

   

 

Прочитано 545 раз
Top