Версия для печати

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«Жалынды жас-дарынды ұрпақ» атты IV мектепаралық өнер фестивалі аясында «Мектеп және мектептен тыс мекемелерде үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың инновациялық технологиялары» атты облыстық семинар өтті. Аталған семинарға Мойынқұм, Шу, Талас, Жуалы, Байзақ , Т.Рысқұлов, Жамбыл ауданы, Тараз қала мектептерінің педагог ұйымдастырушылары қатысып,  жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

«Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушылары: М.Алим, А.Е. Молдазимова,Сураншиева Р.Қ., Оразбекова Д.О., ұйымдастырып, өз еңбектерін қосты.

Семинар барысында Жилгельдинова М.К. «Артикуляциямен жұмыс істеудің жаңа технологиялары», Жаңабаева А.Ж. «Дауыс және техниканы меңгерудің әдістері», Курумбаева Ж.М. «Работа  хореографа над постановкой сюжетного танца», Сәулебекова Эльмира Келимбетовна «Жас саяташылар үйірмесі арқылы тарихи құндылықтарды қалыптасыру жолдары», Парманкулова Гульзира Мухидиновна  №12 Керімбай атындағы мектеп гиназиядан «Мәнерлеп оқудың»  тиімді жолдарын пайдалану әдісі, Бердібек Бибінур Бердібекқызы – Б.Беспаев атындағы мектептің музыка пән мұғалімі «Жасанды интелектіні музыка сабағында қолданудың  тиімді жолдары», және Бабуриева Гулнар Шу қаласынан С.Сейфулин атындағы орта мектептің педагог ұйымдастырушысы «Балалардың бос уақытын ұйымдастыру технологиясы» тақырыбы аясында сөз қозғап, мәселелер мен ұсыныстарды талқыға салды.

Облыс аясында өткен семинарда педагог ұйымдастырушылар тәжірибе алмасып, пікірлерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.

«Мәдениет және өнер оқытушыларының әдістемелік нұсқаулармен, әдістемелік құралдармен және электронды оқулықтармен танысып, өз тәжірбиелеріне енгізуге ниет білдірді. Алдағы уақытта осындай семинарлар өз жалғасын тапса екен деген тілектерін білдіріп, шеберлік сабақтарын жоғарғы дәрежеде өткізген жетекшілерге «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері Айгуль Кабиқызы сертификат табыс етті.

сем 1111

сем2222

сем3333

сем4444

сем5555

сем666

 

Прочитано 53 раз