«ТАЛАС-ШУ ФОЛЬКЛОРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ

«ТАЛАС-ШУ ФОЛЬКЛОРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ

Карибекова Акторгын Жамаубаевна

«Талас-шу фольклоры және халық әдебиеті» ғылыми орталығының директоры, қауымдастырылған профессор (доцент), филол.ғ.к.

Тел.: 8(7262)50-05-59, моб. телефон: +7 707 200 0901

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

«Талас-Шу фольклоры және халық әдебиеті» ғылыми орталығы 2015 жылы «Филология және журналистика» кафедрасының жанынан құрылды. Оның жұмысына кафедра профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және студенттер кеңінен тартылды.

ҒО - жұмысы Талас-Шу өңіріндегі ауыз әдебиеті түрлері мен халық әдебиеті үлгілерін жинауға, оны ғылыми тұрғыдан жүйелеуге, зерттеуге бағытталады.

Ғылыми орталықтың қызметі Шу және Талас өңірі ауыз әдебиеті түрлері мен халық әдебиеті үлгілерін жинап, жүйелеу, зерттеу және жастардың елжандылық, танымдық қасиеттерін күшейту, зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.

Осыған орай мынандай міндеттер орындалады:

- өлкетану жұмысын жолға қою, ел, жер тарихына қатысты материалдарды студенттердің қатысуымен жинау, ғылыми жүйелеу және зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- фольклорлық, диалектологиялық экспедицияларды жүзеге асыру;

- Ұлттық Ғылым Академиясының қолжазба қорымен жұмыс істеп, Талас-Шу өңіріне қатысты материалдарды қарастыру, ҒО қорына қосу; мұрағаттармен жұмыс істеу;

- өткен жыларда мерзімді басылым беттерінде және кітаптарда жарияланған Талас-Шу өңіріне қатысты материалдарды жинау.