«БАУЫРЖАНТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

«БАУЫРЖАНТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы

Мекемтас Мырзахметұлы

«Бауыржантану» ҒЗО директоры

E-mail:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

2011 жылы 4 қаңтарда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан "Бауыржантану" ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының мақсаты – жауынгер жазушы, Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының академиялық 100 томдық шығармалар жинағын даярлап, әдеби мұрасын келешек ұрпақ қолына рухани ұлттық мұра ретінде ұсыну.

Осыған орай «Бауыржантану» орталығының міндеттері Б.Момышұлының әдеби мұрасын толық жинастырып, басылымға қайта даярлау және Б. Момышұлының өмірі мен әдеби мұрасы туралы қазақ пен бүкіл әлем тілдерінде жазылған деректерді жинастыру болып табылады.

Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 30 томдық шығармалар жинағын дайындалып, баспадан шықты.

Қазақстан Республикасының Орталық Мемелекеттік Мұрағатында сақталған Әзілхан Нұршайықов, Ілияс Омаров, Қасым Қайсенов, Қаллибек Қуанышбаев, Мәлік Ғабдуллиннің және т.б. Б. Момышұлымен қарым-қатынаста болған адамдардыңжеке жеке қорларынан Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты оқырмандарға белгісіз жаңа материалдар мен фотоқұжаттар іздестіру, жинау және жариялау. Сонымен қатар республикалық, аймақтық басылымдарда «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлерінің жүзден астам ғылыми-зерттеу, публицистикалық мақалалары жарияланып, теле-радио бағдарламаларда «Бауыржантану» орталығы туралы сұхбаттар берілді.

Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен ТарМПИ-дың 50 жылдығына орай Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған кинохроника мен фотоқұжаттар, батырдың өлеңдеріне құрылған «Жүрекпен жырлап толғаймын» атты әдеби-сазды сахналық кеш өтті.