СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

2022 жылдың 14-қыркүйекте 2.5-205 оқу ғимаратында «Ақпараттық технология» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы және «Ақпараттық технология» факультетінің деканы Мұратова Гауһар Имашқызы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты - студент жастардың қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау және алдын-алу жұмыстары болып табылады. Сонымен қатар, Дінтану орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Алпысбаев Б.Қ. дінтанушы маман ретінде қоғамдағы діни жағдайды ескере отырып, студенттерге университеттің ішкі тәртіп Ережесін сақтауға, деструктивті діни идеологияны насихаттайтын діни уағыздарды тыңдамауға және интернет желісінде күмәнді діни парақшаларға тіркелмеуге шақырды. Қоғамдағы деструктивті діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастыру үшін студенттердің діни сауаттылығы жоғары болу қажеттілігін атап өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға құқықтық және дінтанулық бағытта жауаптар берілді.

 image001

image005

Top